Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
20 ғасырдың 20-шы жылдары азаматтық соғыс және одан кейінгі әлеуметтік-экономикалық күйзелістер Қазақстандағы көптеген әлеуметтік және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды нашарлатты. 1919 жылғы Ұлы жұт, 1920 жылғы құрғақшылық, өлкенің экономикалық және мәдени дәрменсіздігі халықтың жаппай ашығуына және жұқпалы аурулардың өсуіне себеп болды. Нәтижесінде 1920 жыл эпидемиологиялық және санитарлық-гигиеналық жағынан жан түршігерлік болды, өйткені елде індет айтарлықтай мөлшерде тарады. Туындаған проблемамен қатар медицина кадрларының, әсіресе санитарлық дәрігерлердің тапшылығы сезілді.
Ауыр эпидемиялық жағдайға байланысты ҚазКСР Денсаулық сақтау халық комиссары Михаил Шамов 1921 жылы 25 маусымда барлық губерниялық денсаулық сақтау бөлімдері жанынан Төтенше комиссияларды шұғыл құру туралы өкім береді.
1920 – 1921жж. – губерниялық денсаулық сақтау бөлімдері жанынан штаттық санитарлық дәрігерлермен санитарлық-эпидемиологиялық бөлімшелердің ашылуы.
1921 ж. - алғашқы үш санитарлық-бактериологиялық зертхананың ашылуы. Осы жылы Денсаулық сақтау қызметінің І бүкіл қырғыз халықтық кеңесі өткізіледі, онда Денсаулық сақтау халық комиссариатына мынадай бөлімдерді ұйымдастыру бойынша шешім қабылданды: емдеу, санитарлық-эпидемиологиялық, балалардың денсаулығын сақтау, фармакологиялық және санитарлық ағарту;
1922 ж. – "Республиканың санитарлық органдары туралы" Декрет қабылданды;
1931 ж. - Денсаулық сақтау және гигиена ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру;
1932 ж. - Санитарлық-эпидемиологиялық станцияларды жаппай ұйымдастыру туралы шешім қабылданды;
1933 ж. - "Мемлекеттік санитарлық инспекцияны ұйымдастыру туралы" КСРО ОАК және ХКК қаулысы;
1935 ж. - Республикалық тропикалық станция құрылды;
1936 ж. – Гигиенаның салалық бағыттары қалыптасады: өнеркәсіптік, азық-түлік және тұрғын үй-коммуналдық;
1937 ж. - Екі ауданаралық (Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары) санитарлық-эпидемиологиялық станция құрылды;
1938 ж. - Алматы, Орал, Шымкент, Петропавл және Семей қалаларында кешенді мекемелер болып табылатын алғашқы санитарлық-эпидемиологиялық станциялар ашылды;
1939 ж. - Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың санаттары енгізілді;
1940 ж. – Эпидемиология және микробиология институтының құрылуы;
1943 ж. – Алматы медицина институтында санитарлық-гигиеналық факультеттің ашылуы;
1944 ж. - Мемлекеттік санитарлық инспекцияны дербес ұйымға - ҚазКСР Бас мемлекеттік санитарлық инспекциясына бөлу;
1944 ж. – Тропикалық аурулар институтының құрылуы;
1945ж. - Тропикалық аурулар институтын Өлкелік патология институты деп атын өзгерту;
1948ж. - санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің бірыңғай номенклатурасы белгіленді;
1948 ж. – санитарлық-гигиеналық факультеттің бірінші шығарылымы;
1949 ж. - профилактикалық дезинфекцияның Шаруашылық есептегі бөлімшелері туралы ережені бекіту;
1950-1960 жж.
1950ж. - республикалық туляремияға қарсы күрес станциясын ұйымдастыру;
1951ж. - Денсаулық сақтау министрлігінде Бас санитарлық-эпидемияға қарсы күрес басқармасын ұйымдастыру;
1952 жылғы 20 шілде – Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция ұйымдастырылды (Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 28.07.1952 жылғы № 441 бұйрығы және КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің 02.07.1952 жылғы № 04-1/620 рұқсат хаты).
Ұйымдастырылғаннан кейін алғашқы жылдары Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның мынандай құрылымы болды:
- Санитарлық-эпидемияға қарсы күрес бөлім;
- Зертхана құрамында: бактериологиялық және антирабикалық, тұрғын үй-коммуналдық және тамақ санитариясы бөлімшелері болды;
- Дезинфекциялық бөлім және эпидемияға қарсы дезинфекциялау отряды;
- Әкімшілік-шаруашылық бөлім.
1955ж. – Республикалық тропикалық аурулар станциясымен қосылу нәтижесінде паразитологиялық бөлім құрылды;
1957ж. – аса қауіпті инфекциялар және радиология бөлімдері ұйымдастырылды. Функциялардың кеңеюіне байланысты санитарлық- эпидемияға қарсы күрес бөлімі екі бөлек – санитарлық және эпидемияға қарсы күрес бөлімдеріне бөлінді.
1963ж. – жаңа «КСРО-дағы санитарлық қадағалау туралы ереже» қабылданды;
29.04.1969ж. – «Санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың медициналық және инженерлік-техникалық персоналының штаттық нормативтері туралы» КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің № 300 бұйрығымен Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның категориядан тыс жаңа құрылымы бекітілді, ол 09.02.1970 жылдан бастап енгізілді.
1973ж. – қызмет басшысының жаңа статусы – ауданның, қаланың, облыстың, республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып белгіленді;
12.05.1986 жыл – КСРО-ның Стандарттау бойынша комитетінің № 1214 қаулысының негізінде және санитарлық қадағалауды іске асыру кезінде зертханалық зерттеулердің бірегейлігін және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында қызмет жұмысына мемлекеттік стандарттарды сатылап енгізу басталды.
1987 жылы ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің құрамында стандарттау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша топ ұйымдастырылды.
1994ж. – санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тарихында алғаш рет «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды;
2002ж. – жаңа «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» ҚР Заңы (№ 361-II ҚРЗ) қабылданды және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік орган мен ұйымдарға (санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарына) бөлінді.
Санэпидқызметтің дамуына республикалық санэпидстанцияның бас дәрігері, Ұлы Отан Соғысына қатысушы Сидоренко Борис Федорович айтарлықтай үлес қосты, ол мемлекеттік күрделі құрылыс жоспарына бұрын бірнеше ескі бір қабатты ғимараттардан тұратын Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның типтік ғимаратын қосуға қол жеткізді.
Елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріндегі орын алған өзгерістерге сәйкес Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның да бағыттары өзгере бастады.
2005 жылы барлық зертханалар жаңа заманауи жабдықтармен жарақтандырылды және білікті мамандармен толықтырылды. Бұл Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда халықаралық талаптарға сәйкес келетін ұлттық референс-зертханалар құруға мүмкіндік берді.
2006 жылы Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция Сынақ орталығының зертханаларын Словакия Ұлттық Аккредиттеу қызметі ИСО / МЭК 17025:2005 Халықаралық стандарты бойынша аккредиттеуден өткізді (2006 жылғы 13 желтоқсандағы № S-194 Аккредиттеу куәлігі), бұл зертханалар арбитраждық және сертификаттау сараптамаларының 2000-нан астам түрін іске асырады, сондай-ақ, Дүниежүзілік Сауда Ұйымының шеңберінде санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.
Республикалық санэпидстанция базасында құрылыс материалдарында асбестті анықтау жөнінен республикадағы алғашқы зертхана және құс тұмауы мен басқа да аса қауіпті, вирусты инфекцияларды диагностикалау бойынша ПТР зертханасы, генетикалық түрлендірілген тағам өнімдерін зерттейтін зертхана құрылды.
2010 жылғы 25 мамыр – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы №462 қаулысына сәйкес «Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы» ММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
2015 жылғы 23 шілде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі №563 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитарлық - эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
2017 жылғы 17 ақпан – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК болып қайта ұйымдастырылды.
2018 жылғы 22 қаңтар – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 24 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ-ғы РМК-ның филиалы болып қайта ұйымдастырылды.
Дәрігерлер
15.06.52-01.10.52ж. – Л. Травина
1952-1954 жж. – Р. Рыбалова
1955-1960 жж. – И. Рыбалко
1960-1966 жж. – Е. Степанова
1966-1981жж. – Б. Сидоренко
1981-1990 жж. – Е. Мейер
1991-2002 жж. – М.Спатаев, м.ғ.к.
2002 ж. наурыз-маусым айлары – В. Меркер, м.ғ.к.
2002-2009 жж. – К. Оспанов, м.ғ.д.
2009-2010 жж. – Б. Байсеркин, м.ғ.д.
2011-2015 жж. – Ш. Жандосов, м.ғ.к.
2016- 2019ж. қаңтар айы – Е. Дүрімбетов, м.ғ.к.
Республикалық санэпидстанция мамандары әрқашан жоғары кәсібилігімен, істі терең білуімен және оған адалдығымен ерекшеленді. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың қиын жағдайында Республикалық санэпидстанция қызметкерлері (Барак Ц.М., Картакова А.И., Афанасьева Л.И., Чурко Н.И., Қалдыбаев Г.А., Аманжолов А.А., Петрова Е.Ф., Криницына Л.А., Гринблат С.И., Мұсақұлова А.Г., Нечвальд В.И., Пожелаев В.И., Клейтман Л.В., Гузиев Б.А., Вдовина З.К., Сергеев С.И., Рабинович А.И., Волковская Л.В. және басқа көптеген қызметкерлер) үнемі іссапарға шығып, облыстарға барып тұрды деуге болады.
Қазіргі таңда Орталықтың барлық қызметі қоғамдық денсаулық сақтаудың ДДСҰ ұсынған негізгі функцияларына толық сәйкес келеді және мынандай әртүрлі марапаттарымен жетістігі мол деп танылды:

«Іскерлік практикадағы жоғары сапа үшін» алтын медалі, Женева, 2004 ж.

«Сапа жұлдызы» стелласы және Тауарлар мен көрстілетін қызметтер сапасы ұлттық рейтингінің «Үздік кәсіпорын 2015» статусы, Алматы, 2015 ж.



«Сала көшбасшысы» статусы, Рейтинг алтыны, Алматы, 2016 ж.
Кәсіпорын – қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жаңа моделінің маңызды сегменттерінің бірі. Осымен қатар, ол ұйымдастыру- әдістемелік, ақпараттық–аналитикалық, ғылыми-практикалық және зертханалық республикалық орталық болып қалады.
Суреттердегі тарих
Инфекциялық аурулардың бұоқ ету ошағына жөнелту алдында дезқұралдар қоры, жабдықтары, көлік құралдары бар толық құрамдағы типтік санитарлық-эпидемиялық отряд

ҚазКСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының Н.Н.Попов бастаған өкілдерінің Санитария және гигиена институттарының Бүкілресейлік конференциясына қатысуы, Мәскеу қ., 1934 жыл

Республикалық СЭС дәрігерлерінің 1-ші ұжымы, бірінші қатарда, сол жақтағы екінші – Республикалық СЭС-тің бірінші бас дәрігері Рыбалова Раиса Николаевна, Алматы қ., 1952 жылғы қараша

Еліміздің өнеркәсіп кәсіпорындарын ағымдағы және алдын ала санитарлық қадағалау мәселесі бойынша Бүкілодақтық кеңес, Алматы, 1959 жылғы
8-11 маусым

Бүкілодақтық дезинфекция ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған дезинфекциялық қызмет ұйымдастырушыларының Республикалық семинар-кеңесіне қатысушылар, Алматы қ., 1969 жылғы 20-22 наурыз

Қазақстанның гигиенист, эпидемиолог, паразитолог, микробиолог және инфекционист мамандарының II съезіне қатысқан Республикалық СЭС делегаттарының тобы, Алматы, 1975 жыл

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастырушы – АКСР, өлкелердің және облыстардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің біліктілігін арттыру бойынша 2 айлық циклдің курсанттары, ЛОДЖОИ, Мәскеу, 1976 жылғы, қазан-қараша
Қазақстанда медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамытудағы санэпидқызмет рөлі туралы мәселе жөнінде Республикалық СЭС-ке барғаннан кейін медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) бойынша Халықаралық конференция делегаттарының тобы, Алматы, 1978 жыл.

Прага қ. (ЧССР) Орталық санэпидстанция басшысы Республикалық СЭС жетекші мамандарымен сумен жабдықтауға және қоршаған ортаны қорғауға мемлекеттік санитарлық қадағалауды ұйымдастыру жөнінде пікір алмасқаннан кейін. Алматы, 1985 жыл

Жұмысты өз бетінше жоспарлау және қаржыландыру мәселесі бойынша санэпидқызметті реформалау жөнінде ЛОДЖОИ ұйымдастырған семинарға қатысушылар, Орал қ., 1986 жылғы қазан

Республикалық СЭС мамандары үзіліс кезінде: Л.А.Криницына, А.И.Картакова, Ж.А.Маслеева, А.Г.Мұсақұлова, С.Качановская, П.Д.Барабан, Т.А.Мамаева, 1984ж.

Инфекциялық арулардың алдын алуды және оларға қарсы күресті ұйымдастыру бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің Республикалық семинар-кеңесіне қатысушылар, Атырау қ., 1988 жылғы сәуір

Аса қауіпті инфекциялар бойынша Республикалық семинарға қатысушылар,
Семей қ., 1990 жылғы желтоқсан