ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Шілде 2019
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

IMG-20190423-WA0029

IMG-20190423-WA0025

2019 жылы 23 сәуірде ҚР ДСМ "ҚДСҰО" ШЖҚ-ғы РМК "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалы және "Тұтынушылар ұлттық лигасы" республикалық қоғамдық бірлестігі Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қояды.  

«СЭСжМҒПО» филиалының директоры Жанар Сүлейменова: «Оның мақсаты – азаматтардың дұрыс тамақтануға, таза қоршаған ортаға, салауатты өмір салтына деген құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау арқылы ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саласын дамытуға ықпал ету. Қазақстан азаматтарының денсаулық сақтауға деген құқықтарын бірлесіп қорғау мақсатында тағам өнімдерінің, азық-түлік тауарларының сапасына зертханалық зерттеу және өзге де сараптамалық зерттеу жүргізу жоспарланады». 

"Тұтынушылар ұлттық лигасы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті: «Аталған меморандумның аясында "ТҰЛ" РҚБ тұтынушылардан қабылданған шағымдардың негінде белгіленген тәртіпке сәйкес (сатып алу актісін жасау арқылы) тауарларды сатып алып, "СЭСжМҒПО" филиалына зерттеуге береді. Орталықтың Меморандумның аясында қызметі азық-түлік тауарларының, қоршаған орта объектілері сапасының мемлекеттік сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келуін бағалау бойынша зерттеулерді орындаудан тұрады. «ТҰЛ» қызметі Қазақстан нарығын сапасыз тауарлардан тазартуға бағытталған».

Сапасыз тауарларды шығаратын/сататын кәсіпкерлерге қатысты "ТҰЛ" анықталған бұзушылықтарды жою туралы сотқа дейінгі талапты жібереді немесе дауды реттеу туралы медиативті келісім жасалатын болады. Кәсіпкер бұзушылықтарды жоюдан бас тартқан жағдайда "ТҰЛ" РҚБ талап қою арызын сотқа жіберіп, тиісті  меморгандардың көмегіне жүгінеді.  

 

ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саласының заманауи моделінің өзекті мәселелері салауатты өмір салтын және тиімді тамақтануды насихаттау болып табылады. «СЭСжМҒПО» мен "Тұтынушылар ұлттық лигасы" РҚБ ынтымақтастығының мәні –қоғамдық құрылымдарды жұмылдыру жолымен денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруда, азаматтардың да, сонымен қатар тағам өнімдерін, азық-түлік тауарларын шығарушылардың да денсаулық үшін ортақ жауапкершіліктерін күшейту арқылы азаматтардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға болатынын ұғынуда.         

IMG-20190423-WA0024

«СЭСжМҒПО» филиалының мүмкіндіктері мен қызметтерінің спектрі кең, өйткені филиалымыз ең алдымен, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға түрлі мониторинг жүргізу, талдау жасау және бағалау, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу, адамның өмір сүру ортасының факторларын гигеналық бағалау үшін құрылған. Біздің орталығымыздың мамандары адам өміріндегі сапа және қауіпсіздік мәселелерін – қандай тағам жейтінін, қандай сусын ішетінін, қандай киім киетінін, қандай ауамен дем алатынын, үйін қандай материалдардан салатынын және т.б. бағалайды.   

«СЭCжМҒПО» филиалына 67 жыл толды. Ол жоғары республикалық және халықаралық наградалармен марапатталған. Женева қ. Халықаралық қорының «Іскерлік практикадағы жоғары сапасы үшін» алтын медалінің лауреаты болды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының Ұлттық рейтингі бойынша үздік кәсіпорын  ретінде танылған. Орталығымыздың зертханалық кешені бірегей болып саналады, референс-зертханалар халықаралық аккредиттеуден өткен, бірқатар инфекциялық және инфекциялық емес аурулар бойынша ДДСҰ аккредиттеген зертханалар болып табылады, зертхана  мамандары сапаны сырттай бағалаудың халықаралық бағдарламаларына қатысады, Гонконгтағы және Германиядағы әріптестермен тұрақты ынтымақтастық орнатқан.

 

«Тұтынушылар ұлттық лигасы» коммерциялық және үкіметтік емес ұйым болып саналады, ол 27 жылдан астам уақыт азық-түлік өнімдерінің, тұтынушылық тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің сәйкес келуін бағалауға байланысты Қазақстан азаматтарының өзекті проблемаларын шешумен айналысады, жосықсыз қызмет жеткізушілерден зардап шеккен азаматтарға және ұйымдарға заң тұрғысынан көмек көрсетеді. «Тұтынушылар ұлттық лигасы» РҚБ азаматтарға консультация жасау статистикасына сәйкес 2018 жылы жосықсыз өндірушілерге және сатушыларға түскен шағымдар 2017 жылмен салыстырғанда 15%-ға артты. Тағам өнімдеріндегі бөгде объектілердің болуы, тауар туралы, оның ішінде тауар құрамы, жарамдылық мерзімі туралы ақпараттың сәйкессіздігі, тағам өнімдерінің салмағын бұрыс көрсету, тауарлардың қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес келмеуі, өндірушілердің, сатушылардың тауарларды сақтау және тасымалдау ережелерін бұзуы туралы шағымдар өте жиі түседі.                  

 20190423 123112  IMG-20190423-WA0019

БІЗДІҢ КӘСИБІЛІГІМІЗ –СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ!            

m2  m1 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ