ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Шілде 2019
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау  министрлігінің   «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік  кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама  және  мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» (бұдан әрі - СЭСМ ҒПО) филиалының өкілдері Роберт Кох атындағы институты, Берлин қаласы және Мюнхен қаласындағы Бундесвердің микробиология институты, Германияның Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Душанбе және Алматы қалаларында ұйымдастырған конференцияларға қатысты.

Инфекциялық және аса қауіпті инфекцияларды эпидқадағалау жүйесіне тартылған Тәжікстан, Моңғолия және Қазақстан серіктестері үшін өткізілетін конференциялар "Инфекциялардың өзекті таралуы, оларды анықтаудың заманауи әдістері мен биоқауіпсіздік аспектілері бойынша көшпелі конференциялар" сериясы түрінде ұйымдастырылады.

Тәжікстан, Душанбе қаласындағы конференция 2019 жылғы 11-12 сәуірде өтті, онда Ж. Ж. Шапиева, б.ғ.к., Паразиттік аурулардың алдын алу бөлімінің бас маманы "Биоқорғау және биоқауіпсіздік бойынша Германия-Қазақстандық ынтымақтастықты жүзеге асырудағы СЭСМ ҒПО рөлі туралы" баяндама жасады. Конференция жұмысына Роберт Кох институтының, Бундесвер микробиология институтының, Тәжік мемлекеттік медицина университеті, Республикалық карантиндік және зооноздық инфекциялар орталығы, профилактикалық медицина институты, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты, ветеринарлық қызметінің мамандары қатысты. Бағдарламаға сәйкес елдердегі жұқпалы және паразиттік аурулар, биоқауіпсіздік және биоқорғау, бірлескен зерттеу бағдарламалары бойынша қызмет мәселелері қаралды.

d1

Келесі конференция 2019 жылдың 16-17 сәуірінде Алматы қаласында М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы (бұдан әрі - КЗИ ҚҒО) базасындағы орталық референттік зертханада өтті. Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Йорн Розенберг мырза, КЗИ ҚҒО директоры, м.ғ.д. Т. К. Ерубаев, СЭСМ ҒПО филиалының директоры Ж. Н. Сүлейменова құттықтау сөз сөйледі. Конференцияға Бундесвер микробиология институты, Роберт Кох институты, Германия ынтымақтастық жөніндегі қоғамы, Берлин қаласының, зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы, Моңғолия, Улан-Батор қаласының, КЗИ ҚҒО ОРЗ, НПЦ СЭСМ, ҚР аумақтық обаға қарсы күрес станцияларының өкілдері, "Биоқорғау және биоқауіпсіздік бойынша Германия-Қазақстандық ынтымақтастық" жобасының докторанттары қатысты. Германия, Тәжікстан, Моңғолия және Қазақстанның серіктестері таныстырылды. Конференция барысында елдердегі аса қауіпті және паразиттік аурулар, биоқорғау мен биоқауіпсіздікті енгізу, жоба докторанттарының зерттеу нәтижелері туралы мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар, қатысушылар үшін ОРЗ бойынша экскурсия жүргізіліп, болашақ ынтымақтастықты талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

СЭСМ ҒПО директорының орынбасары С. В. Казаков, м. ғ. к. СЭСМ ҒПО қызметі туралы, Ж. Ж. Шапиева кене инфекциялары бойынша жағдай туралы баяндамаларын ұсынды. 

d2

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ