ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Маусым 2019
Д С С Б Ж С Ж
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

sabaca

Құтырма (судан қорқу, гидрофобия) – оқиғалардың 100%а өліммен аяқталатын зоонозды сипаттағы күрделі өтетін вирустық ауру.

       Жыл сайын республика көлемінде адамдардың құтырма ауруына шалдығу оқиғалары бірлі - жарым тіркеледі.

       Құтырмамен барлық жылықанды жануарлар, тіпті құстар да ауырады.

       Адам ауру жануарлар, көбінесе иттер мен мысықтар тістеп немесе тырнап алғанда ауру жұқтырып алуы мүмкін, себебі олардың сілекейінде осы аурудың қоздырғышы құтыру вирусы кездеседі. Иесіз иттер, мысықтар, жабайы жануарлар (түлкілер, қасқырлар, егеуқұйрықтар, жарқанаттар) ерекше қауіптілік тудырады.

       Жарақатқа түскен вирустар жұлынға,миға енеді және сол жерде көбейеді.Вирустың организмге ену сәтінен бастап, аурудың басталуына дейінгі уақыт 3 тәуліктен және бір жылдан аса уақытқа дейін жалғасады.

       Жануарларда байқалатын құтырма белгілері: сілекейдің ағуы, құтырған күйде болуы, кейде керісінше тыныш, сенгіш болуы, шақырғанда тез келуі.

     Жануар тістеп, тырнап, сілекей жағып алғанда не істеу керек?Бірінші кезекте жарақат жерін сабынды сумен мол жуу керек және медициналық көмек үшін хирургке көріну қажет, тістеп алған жануардың иесінің аты-жөнін, мекен жайын біліп алу керек, бірақ ешқандай жағдайда жануар өлтірілмейді, себебі құтырма ауруын жоққа шығару үшін, жануар 10 күн ішінде ветеринарлық  дәрігердің бақылауында болуы қажет. Егерде қаңғыбас жануардан жарақат алса, онда жарақаттанушы міндетті түрде антирабиялық екпе курсын толық көлемде алуы қажет.

        Зардап шегушіге дер кезінде екпе салу құтырманың алдын алудың жалғыз құралы болып табылады. Егер де құтырған жануар тістеп алған зардап шегушіге дер кезінде құтырмаға қарсы көмек көрсетілмесе, оны құтқару кеш болады. Құтырма ауруы үнемі өліммен аяқталады.

        Жануарлардың арасындағы алдын алу шаралары құтырмаға қарсы алдын алу екпесін жасау болып табылады.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ