ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Қараша 2019
Д С С Б Ж С Ж
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қоғамдық штаб мүшелері ҚР Президенттігіне кандидат  Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды платформасын түсіндіру үшін ҚР ДСМ "ҚДСҰО" ШЖҚ-ғы РМК "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының  ұжымымен кездесу өткізді. 
          Өзінің кіріспе сөзінде ҚР ДСМ "ҚДСҰО" ШЖҚ-ғы РМК "СЭСжМҒПО" филиалының директоры Ж.Сүлейменова: "Қазақстандықтар үшін биылғы жылдың ең басты саяси оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасының Президентін сайлау екені сөзсіз. 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Президент өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы жарғыға қол қойды. 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Конституцияға сәйкес, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болды. 2019 жылдың 9 сәуірінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған өзінің телеүндеуінде 2019 жылы 9 маусымда кезектен тыс сайлау өткізілетіні туралы хабарлады, "- деп айтып өтті.         
          Аудандық қоғамдық штабтың мүшесі, "Қалалық қан орталығы" ШЖҚ-ғы РМК бас дәрігері Надиров Жандос Қуанышбекұлы: «Тіркелген алты саяси партияның ішінде бесеуі съезд өткізу туралы хабарлады. 2019 жылдың 23 сәуірінде Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр-Отан" партиясы қазіргі Президент  Тоқаевты сайлауға кандидат ретінде ұсынатынын хабарлады. Біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз.
 Бізді қасиетті жеріміздегі ортақ құндылықтар біріктіреді: бейбітшілік, игілік, өркендеу, әділдік, баршаға ортақ тең мүмкіндіктер. Мұның бәрі – Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдары қол жеткізген құндылықтарымыз бен табыстарымыз. Біздің ұлы тарихи жолымыз бар. Біз қуатты, егемен елде өмір сүріп жатырмыз. Сақтап қаларлық дүниеміз бар. Сондықтан біз алға, болашаққа нық сеніммен қараймыз. Мызғымас бірлігіміз бар. Біздің кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы стратегиясының сабақтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттіміздің әлеуетін нығайту үшін президенттік сайлауға қатысуға бел буды. Бізге, медицина қауымдастығының өкілдеріне денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығыстарды ІЖӨ-нің 5%-на дейін жеткізе отырып, ары қарай да олардың тоқтаусыз артатынын білу жағымды және маңызды жаңалық. Сапалы медициналық қызметтер әр қазақстандық үшін қалаларда да, ауылдық жерлерде де қол жетімді болуы тиіс, еліміздің барлық аймақтарында медициналық-санитарлық алғашқы көмек желісінің "қадамдық" қолжетімділігі енгізілетін болады, денсаулық сақтау жүйесінің толық материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуіне қол жеткіземіз."           
            Бостандық ауданының қоғамдық штабының мүшесі, "Алтын-Орда" ЖШС директоры Қайрат Байғалиұлы Есембаев: "Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттері маңызды және өзекті, олардың ішінде әлеуметтік қамтамасыздандырудың тиімді жүйесі ерекшеленеді. Кандидатымыздың бағдарламасында әділетті әлеуметтік саясатты жалғастыру, әлеуметтік саланы дамытуға 2 триллион теңгеден артық соманы қосымша бөлу туралы айтылады. Атап айтқанда, әр отбасы игілік индикаторы бар әлеуметтік карта алады. Аймақтардағы  әлеуметтік саясат бірегей болады. Қазақстандықтар әлеуметтік кепілдіктерге тең қолжетімділік алады".
           Кездесуді қорытындылай келе, ҚР ДСМ "ҚДСҰО" ШЖҚ-ғы РМК "СЭСжМҒПО" филиалының директоры Ж. Сүлейменова былай деді: "Әрбір қазақстандықтың таңдауына, оның белсенділігіне өзінің жеке тағдыры да, сонымен қатар еліміздің – Тәуелсіз Қазақстанның тағдыры да байланысты. Қазіргі таңда бәріміздің алдымызда ауқымы жағынан аса үлкен міндет тұр, біз атқарып отырған жұмысымызбен, өмірлік және азаматтық ұстанымымыз арқылы сабақтастық, әділдік және өрлеу бағытын қолдауға дайынбыз."

nurotan

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ