ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Маусым 2019
Д С С Б Ж С Ж
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Құрылым

Административно-управленческий отдел

Отдел экономики, бухгалтерского учета и отчетности

Иондамаушы сәулелер зертханасы иондамаушы сәулелер мен басқа физикалық факторлардың зерттеулерін (өлшеулерді) ұйымдастырады және жүргізеді.

Қоршаған ортада физикалық факторлардың адам денсаулығына жағымсыз әсер етудің алдын алу мақсатында өндірістік және тұрмыстық салада қолданылатын бұйымдарды, иондамаушы сәулелердің көздерін, шу, дірілдерге, техникалық құжаттарға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және бағалау жүргізеді. Алынған мәліметтер негізінде сараптау қорытындылары дайындалады.

Зертхана мамандары физикалық факторлар бойынша, соның ішінде жұмыс орындарын аттестаттау мақсатында еңбек жағдайларын бағалайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, тергеу, тексеру, зерттеу, сынау, бағалаудың гигиеналық және басқа түрлерін жүргізетін аккредитациялау, аттестаттау, зертханалық сынақ орталықтары, зертханалары, ұйымдары жұмыстарын жүргізуге белсенді түрде қатысады.

Зертхана құзіретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттардың жобаларын дайындайды, сараптама жүргізеді, кеңес береді.

Радио және теледидар станциялары, байланыс құралдары, сондай-ақ спутниктік радио теле байланыстары мен радио локация байланыстары үшін санитариялық-қорғау аймақтарының есептеу сараптамасы жүзеге асырылады.

Зертхана өз құзыретінің шегінде қолданыстағы басқару құжаттарына сәйкес белгіленген тәртіппен, шартқа отыру негізінде ақылы жұмыс атқарады және қызмет көрсетеді.

Мынандай мобильді байланыс операторлары зертхананың тұрақты клиенттері болып табылады:

  • «ASTEL» АҚ;
  • «Алтел» АҚ;
  • «Нұрсат» АҚ;
  • «GSM Қазақстан» ЖШС;
  • «Қазақтелеком» ААҚ.

Иондамаушы сәулелер зертханасы ҚР ДСМ бекітілген жаңа нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындайды.

Зертхана телефоны: 375-94-04

Токсикология зертханасы Денсаулық сақтау министрлігімен токсикологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерді жасауға аттестаттациядан өткен.

Зертхана құрылыс материалдарында асбестті зерттеуде және кәсіпорындардың жұмыс орындарындағы ластануды асбест талшықтарымен анықтауда Республикадағы жалғыз бөлімше болып табылады.

Зертхананың жоғары білікті мамандары облыстық санэпидсараптама орталықтарының токсикологиялық зертханаларына әдістемелік басшылық жасайды, өз жұмыс бөлімі бойынша әдістемелік және нормативтік құжаттарды дайындайды.

Тұрақты негізде зерттеудің жаңа әдістерін енгізеді, жұмыс орындарында мамандардың оқуын, жаңа әдістер мен аспаптардың пайда болуын қадағалайды.

Токсикология зертханасында мынандай заттарға, материалдарға және бұйымдарға зерттеулер жүргізіледі:

химиялық және биологиялық заттарға және олардың композицияларына; тағам өнімдерімен және ауыз сумен жанасатын материалдар мен бұйымдарға, парфюмерлік-косметикалық құралдарға және ауыз қуысы гигиенасының құралдарына;

тұрмыстық химия тауарларына (синтетикалық жуғыш құралдарына, дақ кетіргіш, тазалағыш, жылтыратқыш, желімдегіш, фотохимиялық құралдарға, ағартуға, нілдеуге және бояуға арналған құралдарға, теріден жасалған бұйымдарды, автомобильдерді, минералды тыңайтқыштарды күту құралдарына, өсімдіктерді қорғау құралдарына, дезодоранттарға, озондағыштарға және тұрмыстық химияның басқа тауарларына);

балалар ойындары мен ойыншықтарына; тұрғын үй құрылысында қолданылатын полимерлік материалдарға және конструкцияларға;

жеңіл өнеркәсіп балалар ассортиментінің тауарларына (синтетикалық және жасанды маталардан жасалған киім мен аяқ киімдерге);

санитариялық-гигиеналық, медицина салаларында қолданылатын тауарларға және т.б.

Республиканың санитариялық-эпидемиологиялық қызметіне жүргізілген жетілдіруге байланысты зертханаға жаңа жабдық сатып алынды: «Биндер» фирмасының климаттық камерасы (Германия), «Шимадзу» газды хроматографы (Жапония), Uvmini спектрофотометрі – 1240 «Шимадзу» компаниясының өндірісі.

Климаттық камера сынақ камерасында зерттеулер өткізу үшін әр түрлі температуралық режимдерді ауа алмасуын және ылғалдылықты туғыза отырып модельденген жағдайларда құрылыс материалдарының және жиһаздың зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді. Газды хроматограф және спектрофотометр полимерлік материалдардан бөлінетін анықталатын химиялық заттардың түрін кеңейтуге, әдістемелердің сезгіштігін арттыруға мүмкіндік береді, бұл әсіресе төмен мәнді ШРЕК заттарды анықтау үшін маңызды.

Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.02.08ж. «Мемлекеттік тіркеуге жататын тамақ өнімін әкелу (импорттау) Ережелерін бекіту туралы» № 165 қаулысына, СЭС ж МҒПО базасындағы ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес, сумен, тағам өнімдерімен, парфюмерлік-косметикалық өніммен, тұрмыстық химия тауарларымен жанасатын материалдарды және бұйымдарды мемлекеттік тіркеу бойынша Сараптау комиссиясы құрылды. Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес оның негізінде ҚР ДСМ МСЭҚ Комитеті мемлекеттік тіркеуді жүргізетін Сараптау қорытындысын рәсімдеумен зертханада аталған өнімге зерттеу жүргізіледі.

Токсикология зертханасы өз құзыретінің шегінде қолданыстағы басқару құжаттарына сәйкес белгіленген тәртіппен, шартқа отыру негізінде ақылы жұмыс атқарады және қызмет көрсетеді.

Негізгі тапсырыс берушілер – сертификаттау бойынша органдар, ірі өндірістік кәсіпорындар мен ведомстволар. Бұдан басқа, зертхана облыстық немесе қалалық СЭСО орындай алмайтын аса күрделі зерттеулер, (мысалы, ҚХР өндірілген жолаушылар вагондарын тексеру, белгісіз улану оқиғаларын зерттеу және т.б.) арбитражды зерттеулер, арыз бойынша зерттеулер және т.б. жүргізеді.

Зертхананың телефон нөмірлері: 376-09-11

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ