ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Қараша 2019
Д С С Б Ж С Ж
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Бішкекте Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі бойынша кіші комитеттің үшінші отырысы өтті. Келіссөздерде    қазақстандық тарапты ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының директоры Жанар Сүлейменова таныстырды.

bizhcec1

Қазақстан мен Қырғызстан делегациясы бірыңғай бәсекеге қабілетті аймақ құру кезінде екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың тиімділігін ойдағыдай  арттырғанын атап өтті. 2019-2022 жылдарға арналған ҚР Сыртқы және ішкі туризмін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу шеңберінде 2019 жылдың наурыз айының соңына дейін Азия Даму банкіне туристік заңнаманы жақсарту бойынша ұсынымдарды енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ, қазақстандық тарап АБЭД (Түрген шатқалы, Оңтүстік Қаскелең) аймағында бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Қазақстан тарапы Қарасу-Ақтілек рұқсатнамалары арасындағы көпірдің техникалық-экономикалық негіздемесін және жобалық-сметалық реконструкциясын  әзірлеуге АДБ-ның техникалық көмегін тартуды ұсынды.

Аймақтық интеграцияны күшейту және көлік қатынасын дамыту мақсатында қазақстандық тарап Алматыдан қырғыз шекарасына қарай тікелей автобус қатынасын дамыту жөніндегі мәселені пысықтаудың басталғаны туралы хабарлады. Жаңадан құрылған жұмыс топтары арқылы техникалық көмек аясында АДБ командасымен және АБЭД консультанттарының командасымен жұмыс істеуге келісті.

"АБЭД (Алматы-Бішкек) іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық референс зертханаларын дамыту" презентациясымен ҚР ДСМ ҚДСҰО "СЭСжМҒПО " филиалының директоры Жанар Сүлейменова сөз сөйледі.

Атап айтқанда, Жанар Нұрланқызы Алматы-Бішкек экономикалық дәлізінің іске асырылып жатқан жобасы аясында ҚР-да референс зертханалар құру қажеттілігі бар екендігін және ҚР ДСМ-де талқылап, ұсыныстар енгізу үшін референс зертханалар құруға арналған әлеуетті объектілер жөнінде ұсынымдарды қарауға қабылданғанын хабарлады.

1.       «Ұлттық медицина университеті» АҚ ғылыми клиникалық-диагностикалық зертханасы;

2. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ШЖҚ РМК "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының бактериологиялық зертханасы.

bizhcec2

Сондай-ақ Жанар Сүлейменова, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалының референс зертханасында жаңа және қолданыстағы өлшеу әдістерінің дұрыстығын бағалау, сараптамалық зерттеулер жүргізу, зерттеу сапасын сырттай бағалауды ұйымдастыру бойынша міндеттерді шешу тәжірибесі бар екендігі туралы  айтты.       

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар АДБ-ның аймақтық медициналық (клиникалық-диагностикалық және бактериологиялық) референс-зертханаларды құру жөніндегі ұсынымдарын назарға алды. Қазақстан және Қырғыз тараптары медициналық (клиникалық-диагностикалық және бактериологиялық) референс-зертханаларды іске асыру және құру бойынша ары қарай өзара іс-қимылды талқылауға дайын екендіктерін білдірді. Медициналық зертханалық қызметті нығайту мақсатында референс-зертханалар құруға ТЭН әзірлеуге АДБ техникалық көмегін тарту ұсынылды.

        Тараптар АБЭД шеңберінде референс-зерттеулерді іске асыру бойынша іс-шараларды әзірлеу жұмыстарын  жалғастыруға келісті.

Бактериологиялық зертханаларды референс-зерттеу қажеттілігі және бактериологиялық зерттеу әдістерін стандарттау және сапасын бақылау бөлігіндегі жоғары әлеует мақұлданды. Вирусология, паразитология референс-зертханаларын дамыту бойынша және микробқа қарсы резистенцияны бақылау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бойынша екі елдің өзара іс-қимыл әлеуетін кеңейтуде келісімге қол жеткізілді.

 

        СЭСМҒПО  баспасөз қызметі 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ